Блогер Фариза Төреәлінің instagram парақшасында 1,8 миллион оқырманы бар.
Жылдан жылға әлеуметтік желілер дамып, блогерлердің саны артып келеді. Соның ішінде өзіндік аудиториясы бар, қазақ тілді блог жүргізушілер күрт санап көбейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Халық бірін блогер ретінде мойындап, парақшасына өзіне керек кеңес алу үшін тіркелген болса, енді біріне жәй күлкі, көңіл-күйді көтеру үшін жазылған. Жұртқа жағып жүрген, ел арасында кеңінен танылған блогерлердің табыс көзі – ЖАРНАМА. Одан өзге өздерінің өмірден көрген-білгенін қағаз бетіне түсіріп, бірі кітабын, бірі курсын сатады. Миллиондаған оқырманы бар блогерлер жарнама және курс сату арқылы қанша табыс тауып жүр? Massaget.kz тілшісі блогерлерге арнайы хабарласып, есептеп көрді.
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Фариза Төреәлінің instagram парақшасында 1,8 миллион оқырманы бар. Ол жарнамадан, бөлек өзінің авторлық күнделік кітапшасын сатқан еді. Harmony - Фаризаның авторлық күнделігі. Сатылымдағы бағасы 8000 теңгеден басталды. Саладағы сарапшылардың сөзіне сенсек, күнделік кітапшасының 50 мың данасы сатылған. Яғни 8 мың теңгеден 50 мың адам сатып алар болса, табыс 400 миллион теңгені құрайды. Қазір бұл күнделік барлық сатылымнан алынып тасталған. Бірақ блогер өзінің оқырмандарын қуантудан жалықпайды. Себебі қазір "әйелдер құпиясы" атты курсын бастаған.
© shop/p/ezhednevnik-fariza-toreali
Harmony атты күнділігін сатып алғандар арасында, көңілі толмағандары да жетерлік. Олар сатып алғаннан кейін, түрлі пікір қалдырған.
"Бағасына сай емес каробка жыртылып келген, ручка пастасы аққан", "Төреғали блокноты сатылымға шыққанда ойланбастан бірден алдым, Каспи арқылы заказ бердім, 3 күнде тез жеткізіп берді, ашқанда таң қалдым бокстың ар бөлшегін махаббатпен, бәрін салып жасағаны көрініп тұрды, сапасы әдемі", "Бағасы тым қымбат", "Товар жақсы маған жеткенше бүлініп жыртылып кеткен", "Рақмет, жеткізу қызметі көрсетілген уақыттан өте тез келді. Бокс әдемі, махаббатпен жасалынған, құнды дүние, май шамның иісі жағымды, сапасы күшті", - деп жазған олар.
© farizatoreali.kz
Бұл курстың бағасы - 15 мың теңге. Егер күнделігін шамамен 50 мыңға жуық адам сатып алған болса, "Әйел энергиясы" курсын жуықтап алғанда, 20-30 мың оқырманы сатып алар болса, табысы шамамен 350 - 500 миллионға жуықтайды. Әрине, бұл таза табысы болмасы анық. Себебі бұл курсты сатып алғандарға, блогер Астана және Алматы қаласынан пәтер мен көлік кілтін ойнатып отыр. Одан өзге Фариза Төреәлінің әлеуметтік парақшасындағы жарнама құны - миллион теңгеден басталады.
© instagram.com/aii_officiiall
Аii_officiiall парақшасымен танымал, Ай Абдуллаевада өзінің тауарымен табыс тауып жүр. Блогердің instagram парақшасында 2,4 миллион оқырман бар. Ол өзінің "OZGE MASK" атты бет күтіміне арналған маскасын сату арқылы табыс тауып отыр. Оның оқырмандарына ұсынған бұл масканың құны - 19 мың 900 теңге. Екі жарымға жуық оқырманы бар блогердің бұл тауарын кемінде 20-30 мың адам сатып алса, табыс құны - 600 миллион теңгені құрайды. Оқырмандарын қуанту үшін блогер, Алматының қақ төрінен 33 миллион теңгелік пәтер кілтін табыстайтынын айтқан.
Желі қолданушылары бұл тауарды алмау туралы, түрлі пікір қалдырған.
"Лафа маскаға алданбаңдар, шын бағасы 8 мың. Бұлар атын өзгертіп, лапша іліп жатыр. Блогерлердің ақша табу амалы. ГИВтің заманы кетті", "Басқа жерлерде арзанырақ", "Негізі бағасы тым қымбат секілді", - деп жазды олар.
Сондай-ақ, Ай Абдуллаеваның жарнама құны 1,5 миллионнан басталады.
"Біз жарнамаға байланысты, баға аламыз. Егерде үлкен кәсіп болса, қымбатырақ болады. Біздің жарнама жасамайтын кездеріміз де бар. Бәрін алдын ала тексерістен өткіземіз. Егер көлікке алып-сату болса, парақшадағы пост 3 миллион, ал stories 1,5 миллион теңге болады", - дейді aii_officiiall парақшасының жарнама бөліміне жауапты маман.
© instagram.com/anarabatyrkhan
Ешқандай курс, немесе түрлі тауарлар сатпай тек жарнама арқылы табыс тауып отырған блогерлер жетерлік. Блогерлердің әкімгерлеріне хабарласқанымызда кейбірі жауап бермеді. Алайды актриса, әнші Анара Батырхан, Айжұлдыз Адайбекованың жарнама құны қанша екенін анықтадық.
"Менің негізгі табыс көзім жарнама емес. Бірақ та әлеуметтік желіні белсенді жүргізіп отырғандықтан, әрине жарнама берушілер хабарласады. Алайда тексеріп, анық-қанығына көз жеткізіп барып, жарнамалаймын. Менің instagram парақшамда Пост жариялау – 1 миллион теңге, ал сторизға шығару – 300 мың теңгені құрайды. Жарнама салғаннан кейін, дереу өшіріп тастамаймын, егер жармана парақшада арнайы жарияланса 1 айдың көлемінде парақшамда тұрады", - дейді Анара Батырхан.
© instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Ал Айжұлдыз Адайбекованың жарнама құны - 3 миллион теңге. Әншінің көмекшісіне хабарласқанымызда, бізге дәл осындай мәтінде хат жіберді.
"Вот цены на рекламы Айжұлдыз:
- 1 блок сторис (3 сторис): 1 000 000 тг
- Пост: 3 000 000 тг
- Рилс: 3 000 000 тг
- Сторис экспертов: 2 000 000 тг
Обратите внимание, что она не рекламирует:
- Ставки
- Нумерологов
- Розыгрыши автомобилей"