17.06.2024, 16:40

«Көрсетпегенді көрсеттің-ау!»: Ақбота Керімбекова «Аппақ гүлдермен» адам емдеген емшіге шүйлікті

Фото: instagram.com/botakerim

Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған “Ақ шағала” дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұрғаны-ай.

Танымал әнші Ақбота Керімбекова шымкенттік емші Ұлықбек Смановты сынап, жеке парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Емші айналасындағы адамдарға өнер иесінің “Аппақ гүлдер” әнін айттырып, теңселтіп билетіп тұр. 

“Бәрін көрдім” деуге болмайды десек те, маңдайымызға жазылған өнер жолының дәм-тұзы бұйыртып, көп нәрсеге қанықтық, бірақ, дәл мынадайды көру үш ұйықтасам да түсіме кірмепті. Әннің көңілге демеу, жанға медеу болатыны рас, солай екен деп дәл осылай жасауға бола ма?! Аңқау елге арамза молда болғандардың ақыры жақсы болғанын көргенім жоқ. Адамдар бірнәрсеге тәуекел етіп немесе бірнәсеге кірісу үшін ақырын неге ойламайды екен осы?... Әбден сарсаңға түсіп, қажығандарды, жанына тыныштық, дертіне дауа іздегендерді сендіру, көндіру оңай… мына үкілі кісінің алдында тұрғандар да бір ғажайыпқа сеніп келген шығар, оларды жазғыра алмаймын, қателік жасағанды табалау еш заманда да дұрыс болмаған. Ал, енді “аппақ гүлдетіп” тұрған кісіге Құдай сана берсін. Қасиетті кісілердің есімдерін қор қылды-ау… Сырдағы Серік Ыдырысов ағам айналасына “ақылыңды жойма, ақырыңды ойла”, деп отырушы еді… Ай, өмір-ай, көрсетпегенді көрсеттің-ау! Екінші трансында марқұм Нәби екеуміз орындаған “Ақ шағала” дейтін әннің музыкасына салып алып, ұрып тұрғаны-ай”, – деп ашуланды әнші. 

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: Балаларына мысықтың етін берген емші науқастарды «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» (ВИДЕО)