Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қуанышқа ортақтасып жатыр.
Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева немересі Әлемнің бір жасын жасап, тұсауын кесті. Ол Ыстамбұл қаласынан ұшып келіп, Алматыда өнердегі дос-жаранның басын қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Әлемнің тұсауын әлемге қазақты танытқан адам кесуі керек деп ойладық. Біреуі – менің туған ағам, біреуі – туған бауырым. Туған ағам – Қыдырәлі Болманов, қазақтың өнері үшін бүкіл өмірін арнаған қазақтың азаматы. Қаншама қазақ баспаналы болсын деп қазақ үшін түн ұйқысын төрт бөлген Дәулет Мұқаев арнайы Астанадан келіп тұр", – деді той иесі.
Желі қолданушылары түрлі пікір жазып, қуанышқа ортақтасып жатыр.
“Бақытты балалық шақ тілеймін, ата анасы аман болсын! Аллахым артынан іні-қарындастарын берсін", “Бриллиант пен бренд жауған той болыпты”, “Алтын комплекті Қайрат Нұртастың мамасы ұтып алған”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.