Балаларымды керек етпесе, не үшін ол маған керек?!
Танымал әнші Динара Қырықбаева тағы тұрмысқа шығу туралы ойын айтты. Оның пікірінше, оған балаларына өз баласындай қарайтын азамат керек, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шоу-бизнес өкілі тележүргізуші журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында жеке өмірі туралы сұрақтарға жауап берді. «Балаларың ата-анаңмен тұра берсін, мен сені ғана аламын» десе, тұрмысқа шығар ма едіңіз?» деп журналист әншіден сұрады.
«Жоқ, жоқ, әрине жоқ. Мен үшін балалар бірінші орында тұрады. Ондай ер адам маған керек емес. Ондай ер адамға мен қарамаймын. Балаларымды керек етпесе, не үшін ол маған керек?! Сондықтан, ондай еркектер маған жоламаңыздар! Бір жақсы адам, жақсы жар, менің балаларыма жақсы, өз балаларындай қарайтын жан жолықса деймін. Әйел бақыты деген сол емес пе?!», - деді әнші.