22.06.2024, 06:30

«Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн»: Аша Матай Баян Алагөзованың үйін көрсетті

Фото: bayanmaxatkyzy

Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн.

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай продюсер Баян Алагөзованың үйін аралап көрсетті,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құрбан айт мерекесінде әпкесіне айттап барған Аша Матай оқырмандарына рум-тур ұйымдастырды. Ол аузының суы кетіп, продюсердің үйінде қанша және қандай бөлмелер бар екенін көрсетіп шықты.

Фитнес бөлмесі, сауна, мини бассейн, екі ас, алты жуынатын бөлме, 10-ға жуық бөлмелер, үлкен гардероб, қымбат жөндеу, дизайнерлік жиhаз, лакшери өмір, - деп жазды Аша Матай Instagram-дағы сторисінде.

Киімге арналған үлкен бөлмеде балбал тас және үй жануарлары бейнеленген сандық ерекше көз тартады.

Сондай-ақ кітапхана мен жұмыс кабинеті де бар. Аша Матай бұл "Тұрсын ағанікі (Алагөзов - ред.) болар" деп топшылады.

Ол қонақ бөлмесімен қатар кір жууға арналған бөлмені де көрсетті.