Димаш Кашкен ата-әжесінің баласы болғандықтан баласының да солай тәрбиеленгенін қалайтынын айтты.
Блогер Мерей Абилова мен оның жолдасы Димаш Кашкен Aissaule Bakytbek-Kaidarova youtube-арнасына берген сұхбатында тұңғыш перзенті дүниеге келген соң ата-анасы тәрбиелейтінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Димаш Кашкен ата-әжесінің баласы болғандықтан баласының да солай тәрбиеленгенін қалайтынын айтты.
Бірінші баламызды менің ата-анам тәрбиелегенін қалаймын. Оны ата-анамызға үнемі қалдырып кетеміз. Себебі мені әжем тәрбиелеген. Сарыөзектегі ауылда соларға жаз сайын егізім Камила екеуміз баратынбыз. Баламның да солай ата-әжесіне жақын болып өскенін қалаймын, - деді Димаш Кажкен.
Сондай-ақ, блогер Мерей Абилова да жолдасының сөзін қостады.
Бұл туралы бірінші рет естіп отырмын. Иә, дұрыс, мен қарсы емеспін. Димаштың да, Камиланың да тәрбиесі өте керемет. Баламды сондай жақсы тәрбие беретін ата-анаға неге бермеске? Димаштың ата-анасы қарап өскен бала жаман болмайды. Бала сөзге емес, іс-әрекетке қарап өседі ғой, - деді Мерей Абилова.