24.06.2024, 16:40

«Махаббаттан жаратылған балапан»: Ерке Есмахан ұлы Исламмен ерекше фотолар жариялады

фото: @erke_esmahan

Ерке Есмахан күйеуі мен ұлдарымен бірге түскен суреттерін Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Отандық танымал әнші Ерке Есмахан желіде ерекше отбасылық фотосессиясын жариялап, елді сүйсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ерке Есмахан күйеуі мен ұлдарымен бірге түскен суреттерін Instagram-дағы парақшасында жария етті.

Онда жұлдызды отбасының бақытты сәті көрініс тапқан. 

"Жанұя. Исламға бүгін 7 ай. Махаббаттан жаратылған балапан. Аллаға сансыз шүкір айтамын. Әр шаңырақта береке, бақыт, байлық болсын. Жақсылық жұғысты болсын", - деп жазды әнші.