«Мынау ән бе, бір сөзін түсінбейсің».
Блогер әрі актриса Мереке Қалбаева күйеуімен бірге мән-мағынасыз ән шығарды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мереке Қалбаева әлеуметтік желі арқылы көпшілікке жаңа әнін таныстырды.
Желі қолданушылары оның жаңа әнін қатаң сынаған.
«Арекең екеуміз біраздан бері әзіл әндерді қолға алғанбыз. Көп сөз көп айтатындарды белгілеш», - деп жазды блогер.
«Қойшы, екеуі не болса соны ән қылып. Мән-мағынасы жоқ. Бір емес, екі емес. Не ол. Мереке төмендеп бара жатырсың. Ақша табудың жолы осы екен деп. Тоқта енді. Басқа жарқ ететін нәрсе істесей», «Мына кемпір мен бала не айтты? Өз ойлары жоқ, бұл салада білімдері де жоқ, тек елді күлдіртіп, өздері сияқты ойсыз адамдарды жинап ақша табу», «Мынау ән бе, бір сөзін түсінбейсің», «Жеңіл-желпі өлеңдер ұят екен» деп жазды желідегілер.