$ 494.87  520.65  4.91

«Дұғада болыңыздаршы, өтінемін»: Танымал блогер алты айлық баласымен ауруханаға түсті

Желі жұлдызының ұлына шұғыл түрде ота жасалған.

Фото: Фото: instagram.com/oksukpaevak
Фото: Фото: instagram.com/oksukpaevak

Қазақстандық танымал блогер Карина Оксукпаева алты айлық баласымен ауруханаға түсті. Бұл туралы ол Instagram желісінде оқырмандарына айтып берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол ауруханаға түскен күннен бастап, желі қолданушыларымен байланыста болған.

"Ұлым оянса менен бақытты адам болмайтын шығар. Дамир үшін дұғада болыңыздаршы, өтінемін. Балам жазылып кетсінші", - деп жазды ол.

Карина Оксукпаеваның Stories-i

Дерігерлермен кеңесе келе ол ұлына ота жасауды шешкен.

"Ота жасайтын бөлмеге алып кетті. Құдайға тапсырдым. Инфекция салдарынан Дамирдің ішектері түйіліп қалған. Қазір наркоздан оянып жатыр.

Жаным балам, осы екі тәулік ішінде көрмегенің жоқ. Бүгін менен бақытты адам жоқ", - деп жазды Карина.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары