$ 494.87  520.65  4.91

«Бүкіл әні хит, өзегің күйіп бара жатса да, шыны – сол»: Қайрат Нұртастың анасы ұлына тиіскендерді орнына қойды

Тура Қайрат сияқты әлі ешкім 18 жыл бойы алдына адам салмай бүкіл концерті аншлагпен өткен жоқ.

Фото: @kair_n
Фото: @kair_n

Продюсер Гүлзира Айдарбекова Шымкент қаласындағы болған тойға жалғыз Қайрат Нұртас шақырылғанын мақтанышпен жеткізді. Алайд желі қолданушыларының бірі Қайрат Нұртастың сахнадан гөрі тойға жиі шығып кеткенін сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Қайрат Нұртастың анасы оқырманын бірден орнына қойды.

“Той әншісі” деп қанша мұқатсаң да, тура Қайрат сияқты әлі ешкім 18 жыл бойы алдына адам салмай бүкіл концерті аншлагпен өткен жоқ. Бүкіл әні хит, өзегің күйіп бара жатса да, шыны – сол. Қайраттай болып алшы, еркек басыңмен өсек теріп, анаңдай адамды қатынша мұқатуың қатын тәріздес мінезіңді дәлелдеп тұр. Менің ұлдарым ешбір әйел адамға бұлай жазбас еді. Одан кейін неге керексіз жерге тұмсығыңды тығып маған қадалып отырсың, жай ма сенікі?! Ұнамасам, ұнайтындарды оқып отыра берсей. Менен мін іздеп әлек болма! Дәл сен елге де, маған да, ақыл айтпай-ақ қойшы?! Күндес адамдай ұрыс іздеп отырсың ғой. Өз өміріңмен алысшы, менің әрбір сөзімді аңдымай”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 29
Ұнамайды 31
Күлкілі 41
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары