Өткенде «Ақтөбелік ақынның «20 мың теңге берді» деп жылағанын мен қолдамаймын. Енді ол өзі о баста 20 мың теңге бергенде айтпай ма?
Композитор Қалдыбек Құрманәлі бүгінге дейін ән жазғаны еңбегі үшін әншілерден ақы алмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы оның өзі «Ашық подкаст» ютуб-каналына сұхбат беру барысында айтып берді.
«Өнер – қиын жол. Бәрі келісімге байланысты. Мен бір әнімді сатқан емеспін. Тіпті кей әндерімді өз ақшама өңдеп, жаздырып бергенмін. Ол кездегі әншілер бай болған жоқ. Кейбірі «аранжировкасын жасап беріңізші» деп өтінетін. Өзіміз басы-қасында жүріп, дайындайтынбыз. Эстраданың тең жартысы менің әндерімді орындайды. Бірақ біреуінен ақша алып көрген емеспін. Кез келген әншіден сұрасаң, айтып береді. Өткенде «Ақтөбелік ақынның «20 мың теңге берді» деп жылағанын мен қолдамаймын. Енді ол өзі о баста 20 мың теңге бергенде айтпай ма, «Мына әнге мен сөз жазып берейін, оның құны мынадай болады. Басқалар осынша беріп жатыр, сол қатарлы төлей ғой» деуі керек еді. Сол кезде айқай болмаушы еді. Арада келісім болмаған сияқты. Енді арада пәлен жыл өткен соң «Қылышыңды боққа шап» дегендей несіне айтып отыр?! Керемет, өр кеуде, намысты ақын екен, сол ақшаны бергенде алмауы керек еді. Лақтырып жіберуі керек еді, «мен одан да тегін жазып бере салайын саған, бір-екі күн аш жүре тұрармын» десе, жарасар еді», - деді композитор.