29.06.2024, 04:30

«Singer» байқауы: Рухия Байдүкенова алғашқы әнімен-ақ жұртты таңқалдырды (ВИДЕО)

Ол әлемге танымал Селин Дионның хиті «All By Myself» әнін шырқады.

Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Қытайдағы «Singer» ән байқауында алғашқы әнін орындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол әлемге танымал Селин Дионның хиті «All By Myself» әнін шырқады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Топ жару» статусымен келген шетелдік әншіге қойылған талап бойынша, Рухия алдыңғы 7-кезеңде үздік 4-ке енген әншілердің бірін таңдап, онымен жекпе-жек сайысқа түсті.

Өкінішке орай, қазақстандық әнші дауыс беру нәтижесінде жеңіске жете алмады.

Байқаудың 8-кезеңі аяқталғаннан кейін, көптеген қытайлық көрермен Weibo әлеуметтік желісінде Рухияның талантына өз ризашылығын білдіріп жатыр. Тіпті кейбірі оны келесі кезеңге лайық деп бағалап, жас әншінің болашағына сәттілік тіледі.