$ 498.34  519.72  4.85

«Дәрігерлер «өлесің» деді»: Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне жабысқан дерті туралы баяндады

Мен көпке көрсетіп, жылап, одан хайп жинағанды жақтырмаймын.

Фото: zhuldizay_duisenbieva инстаграм парақшасынан
Фото: zhuldizay_duisenbieva инстаграм парақшасынан

Танымал актриса, вайнер, әнші Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығы жайлы сыр шертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, сырқаты өзіне түсініксіз болып, көпке дейін нақты диагноз қоя алмаған. 

“Бұл бір түсініксіз ауру болды өзі. Дәрігерлер бұл жаман ауру деді. Басымның артқы жағынан түйін шықты, екінші бас сияқты болып тұрды. Мен ол уақытта түсірілімде жүрдім, басым ауырып бастағанда бірден үзіліс алып, үйден шықпай жаттым. Мен көпке көрсетіп, жылап, одан хайп жинағанды жақтырмаймын. Бірақ мен қатты уайымдадым, өйткені маған дәрігерлер "өлесің" деді. "Болды, өлесіз, құлақтың артынан бірнәрселер жиналған" деп әбден қорқытты”, – деді актриса.

Өнер иесінің айтуынша, ажалдан арашалап қалған әртістің дәрігер достары көрінеді. 

“Аллаға шүкір, нейрохирург Асқар деген досым бар. Күн демей, түн демей, кез келген уақытта көмектесетін достарымның қатарында. Өзі арнайы Алматыға ұшып келіп, қарап, бір аптада емдеп шықты. Ешқандай ота жасамады. Ауруды дұрыстап түсіндіре алмаймын, оны өзі дәрігерлердің тілімен айту керек. Бірақ қазір жағдайым жақсы, бірден жазылып, қайта жұмысқа шықтым", – деді актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 59
Ұнамайды 6
Күлкілі 3
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары