Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба?
Танымал тележурналист, продюсер Әйгерім Есенәлі жас жігіттердің қырындап, әпкесіндей әйелдерге жазатынын құптамайтынын жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тележурналист “Райм мен Еркенің жолын көрмедік пе?" деген оқырман сұрағына кеңінен тоқталып жауап берді.
“Осы тенденциядан шошимын. Жасы 20-дан асқан бозбалалардың анасы, әпкесіндей әйелдерге жазып, ұсыныс айтуы көбейді. Ауырдың үсті, жеңілдің астымен жүруге қызығу қалыпты болып барады. Отбасын құру үшін соңынан жүрмейтіні анық. Ондай жігіттерден жауапкершілік, ер азаматқа тән мінез көре аламыз ба?", – деп жауап жазды медиа маманы.