$ 494.87  520.65  4.91

«Шыңғырады» деген ұл өзін әлемге мойындатты»: Дина Төлепберген Димашты әбден мақтады (ВИДЕО)

Ата-әженің тәрбиесімен сусындап, өнерді өн бойына сіңірген өнерпаз. Алға, Димаш!

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергенді жер-көкке сыйғызбай мақтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлемге әйгілі қазақстандық жас әнші туралы пікірін ол әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

«Әлемдік мега жұлдыз Димаш Құдайберген күні кеше толғандырып, тебірентер сөзімен жүректі қозғады. Мен Димашты 2011 жылдары «Саз әлемі» бағдарламасынан білемін. Кезінде мен де сарапшылар тізімінде болған едім. Алайда «шыңғырғандардан қорқамын» дегендер болып еді. Шыңғырады деген ұл қазір шыңға шығып, шын талант екенін әлемге мойындатты. Расында да қазақтың маңдайына біткен марқасқа. Ата-әженің тәрбиесімен сусындап, өнерді өн бойына сіңірген өнерпаз. Алға, Димаш!», - деп жазды Дина Төлепберген.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: «Менің де дәуренім өтпелі»: Димаш Құдайберген қазақтын ұл-қыздарына жол салғысы келетінін айтты

Еске салсақ, жуырда желіде Димаш Құдайбергеннің тілді құрметтеу туралы видеосы тараған болатын.

«Әлемде бейбітшілік болу керек. Отанға деген құрмет болу қажет. Тілге деген құрмет болу керек. Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», - дейді әлгі видеода Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 88
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары