Сондықтан Мақпал Жүнісованы көргенде 150 жыл өмір сүрсін деймін.
Өзбекстанның атақты әншісі Ахтамбек Юлдашев Мақпал Жүнісоваға концертінде тосынсый жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Видеоны халық әртісі Instagram желісіндегі парақшасына жүктеді.
Видеода Өзбекстанның атақты әншісі Мақпал Жүнісоваға ақ тілегін жаудыра кетеді.
"Ассалаумағалейкум, құрметті қауым. Мақпал Жүнісова – аңыз адам, Қазақстанның "Примадоннасы". Мен оны өте қатты жақсы көремін, мұндай адам жоқ. Сондықтан Мақпал Жүнісованы көргенде 150 жыл өмір сүрсін деймін. Мақпал, саған зор денсаулық тілеймін. Бәрін тастап, сені құттықтауға келдім", - дейді ол.
Ал Мақпал Жүнісова Атхамбек Юлдашевтан мұндай тосынсыйды деп тіпті ойламағанын айтты.
"Бүгін осындай тосынсый жасайды деп ойлаған жоқпын. Атхамбекті көрмегелі қай заман... 10 жылдан асты ма? Қай жақтан келе жатқан әскер деп шошып кеттім ғой. Көп рақмет, аман болсын. Көршімен тату болған жақсы ғой", - деп түйіндеді Мақпал Жүнісова.