04.07.2024, 00:30

Кәмелетке толмағандардың тойы желіні шулатты

Фото: podrobno.uz

Оған қоса бұл жағдайды ерекше бақылауына алған балалар омбудсменінің назарын аударды.

Өзбекстанда кәмелетке толмағандардың тойы желіде тарап, арты дауға ұласты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Рodrobno.uz порталының деректеріне сүйенсек, тойдың видеосы әлеуметтік желілерде тарағаннан кейін ерлі-зайыпты кәмелетке толмағаны анықталған. Күйеу жігіт 16 жаста, ал қалыңдық 17 жаста. Бұл желі қолданушылары арасында дау туғызды.

Оған қоса бұл жағдайды ерекше бақылауына алған балалар омбудсменінің назарын аударды.

"Қаракөл ауданының Ішкі істер басқармасы тергеуге дейінгі тексеріс жүргізді. Кәмелетке толмағандардың ата-анасына қатысты жиналған құжаттар сотқа жіберілді", – деп жазылған портал мәліметінде.