Сені күтетін боламыз!
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген бүгін, 2024 жылғы 4 шілдеде алдағы жоспарымен бөлісіп, шетелде кететінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әншінің Instagram парақшасындағы жазбаға сүйенсек, жақында ол музыкалық фестивальге қатысу үшін Сербияға аттанбақ.
"Алты күннен кейін Сербияда - EXIT Festival-де кездескенше", деп жазды Димаш Құдайберген.Жанкүйерлер, әдеттегідей әншінің бұл жаңалығын да қуана қабылдады:
"Сербиялық Dears-тар Сізді асыға күтеді". "Уау! Қандай кереметсіз! Біз сені жақсы көреміз! Біз сағындық сені! Сені күтетін боламыз!" "Бұл керемет шара болады. Буракпен уақытты көңілді өткізесіз деп үміттенемін! Ал мен міндетті түрде көңілді боламын!".