$ 487.24  529.34  5.02

Қайрат Әділгерей өзінен аумайтын жігітпен кездесті

Желі оқырмандарының арасында оны әзілкештің ұлына теңегендер де табылды. 

Фото: instagram.com/ kairat_adilgerey
Фото: instagram.com/ kairat_adilgerey

Жақында әлеуметтік желіде Қайрат Әділгерейден аумайтын жігіттің видеосы тарады. Көп ұзамай отандық әзілкеш желі жұлдызымен кездесті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қайрат Әділгерей өзіне ұқсас жігітпен түскен фотосын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Әлеуметтік желіде маған ұқсайды деген Азамат Ақтаудағы Rixos-та жұмыс істейді екен", - деп жазды актер.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Азаматтың видеосы желдей есті. Көпшілік оның Қайрат Әділгерейге қатты ұқсайтынын айтты. Желі оқырмандарының арасында оны әзілкештің ұлына теңегендер де табылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары