$ 480.55  533.75  5.36

«15 күн дайындалады»: Тұрсынбек Қабатов Қайрат Нұртастың қамауға алынуы туралы әзілдеді (ВИДЕО)

Осы концертке өте мұқият дайындалдым.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Бес тәулікке қамалған Тұрсынбек Қабатов басынан өткен жағдайды көрерменге әзіл арқылы жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанова желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Көрерменге деген құрметі қандай десейші! Бүгінгі концерттен үзінді. Халық жақсы көрмесе зал лық толмас еді. Барлық келген көрерменге мың алғыс! Айтпақшы, айта кетейінші, сынақ болуы болды ғой. Менің байқағаным, халық тарапынан қолдаушылар саны көп болды. Жақсы жазған жандар, сіздерге жақсылық еселеніп келе берсін», – деп жазды ол. 

Тұрсынбек Қабатов басынан өткен жағдайды әзілге айналдырып, көрерменді күлкіге қарық қылған. 

«Осы концертке өте мұқият дайындалдым. Бес күн дайындалдым. Арнайы, телефон, бәрін өшіріп тастадым. Ешқайда шықпай дайындалдым. Бүгін енді Қайрат кетті, барып концертіне дайындалады», – деді Тұрсынбек Қабатов. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 59
Күлкілі 7
Ашулы 47

Серіктес жаңалықтары