$ 479.38  531.63  5.27

Әнші Мақпал Исабекова екінші рет ана атанды

Халықтың қызы болайын деп тұр ғой, қолымен Сәлем беріп тұрған!

Фото: instagram.com/makosyai
Фото: instagram.com/makosyai

Қазақстандық әнші Мақпал Исабекова екінші баласын дүниеге әкелді. 40 жастағы өнер жұлдызы жанкүйерлеріне перзентханадан сәбиімен бірге түскен суретін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Instagram желісінде қуанышты жаңалығын бөлісті. 

"Сәлем Әлем! Альхамдулиллях, бізде қыз. Баршаңызға алғыс айтамын", - деп жазды музыкант.

Мақпал Исабекованы пост астына пікірлер жазып, әріптестері мен жанкүйерлері құттықтады. 

"Халықтың қызы болайын деп тұр ғой, қолымен Сәлем беріп тұрған! Бауы берік болсын!”, “Қандай қуаныш, шын жүректен құттықтаймын, Макося! Дені сау, сүйікті, бақытты болып өссін!", "Құттықтаймыз! Тез қалпыңызға келіп, ұйқысыз түндер аз болсын!", "Құттықтаймын, керемет жаңалық", – деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары