09.07.2024, 15:40

«Жігіт болған соң серуен-сейіл болады»: Роза Әлқожа інісінің ұсталуына қатысты пікір білдірді

Фото: @roza_alqozha

Әнші "Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!" деп жазған оқырманға жауап берді.

Әнші Роза Әлқожа інісі мен ұлының ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

Әнші "Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!" деп жазған оқырманға жауап берді.

"Қыз ұзатудан әдемі көрініс. "Сіздей алтын құрсақты ана болсын" деп ырымдап шақырады ғой. "Ата-ананың ниеті қабыл" деген, шын жүректен ізгі ниетпен ұзатып жатамыз. Пенде өзіне ғана жауап бере алады. Әркім ақылына қарай адымдайды. Бағана біреу жазыпты "Балаңызға, бауырыңызға тәрбие бермейсіз бе?!" деп. "Жаным, қызым - үйде, қылығы - түзде" дегендей, ешкім сыртта жүргеннің тілеуін тілегеннен басқа ештеңе істей алмайды. Жігіт болған соң, серуен-сейіл деген болады. Сосын "мойнымен көтереді". Ал, жақсылықты ниет ету, жамандықты таратпау да тәрбиеден!", - деп жазды ол.