Мұндай мінезді қызды бағып өсіріп, көшке қосу оңай емес.
Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева балалық шағын еске алып, тентек болғанын айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, бала кезінен қырсық, алған бетінен қайтпайтын болып өскен. Ал анасы қызының бетін қайтарып, рухын сындырмаған көрінеді.
«Анамды ойласам жаным ашиды. Себебі бала кезде өте бұзық болдым. Итке де, есекке де таландым. Бұзаудың үстіне отырып, қолымды да сындырдым. Бірақ соған қарамастан мектепті беске оқыдым, өз айтқанымнан қайтпайтын алғырмын. Анам өмір бойы менің сенімділігімді көтеріп отырады. Барлық кемшіліктерімді артықшылыққа айналдырып жібереді. Сол себепті мен мүлдем комплексіз өстім. Бойжетіп келе жатқан шағымда анам маған ұрысқанда мен сабанның үстіне барып, жатып алатынмын. Өзі кешірім сұрап, үйге кіргізбейінше мен өзім кірмейтінмін. Мінезім сондай болды. Сол мінездің арқасында лидер болдым. Бұл анамның арқасы деп білемін. Мені сындырмады. Бірақ ол кісіні ойлап кетсем, жаным ашиды. Мұндай мінезді қызды бағып өсіріп, көшке қосу оңай емес», - деді актриса Instagram-дағы парақшасында.