12.07.2024, 11:40

«Міндетті емес»: Салтанат Бақаева Қайрат Нұртасқа қолдау білдірмеген Әбдікәрімованы жақтады

Коллаж: sn.kz

Әркім парақшасын қалай жүргізетінін өзі біледі.

Танымал әнші, актриса Салтанат Бақаева басы дауға қалған Қайрат Нұртасқа қолдау білдірмей үнсіз қалған Жұлдыз Әбдікәрімова қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі жолдасына желіде елдің көзінше қолдау білдіруге міндетті емес екенін Журналист Анна Данченкоға айтып берді. 

“Менің ойымша, бұл жеке адамның өз мәселесі. Сондықтан ондай нәрсеге көңіл аудармау керек. Өйткені әр адам өзі біледі. Айтады ма, айтпайды ма өз еркі. Міндетті емес қой. Бәлкім өзі жеке айтатын шығар. Ол айтып та жатқан шығар. Бұл түсінікті жағдай ғой. Неге барлығын желіде бәрін жариялап, көрсетіп шығару керек?! Әркім парақшасын қалай жүргізетінін өзі біледі”, – деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, ұшақта шу шығарған Қайрат Нұртас сот үкімімен 15 тәулікке қамауға алынған еді,