$ 479.38  531.63  5.27

Мейрамбек Бесбаев отбасымен Вьетнамда демалып жүр (ВИДЕО)

 Әншінің әйелі Мархабат Бесбаева қызығушылық танытқан оқырмандарына таңдаған қонақ үйлерін көрсетті.

Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva
Фото: instagram.com/marhabat.besbaeva

Белгілі әнші Мейрамбек Бесбаев отбасымен бірге шетелде саяхаттап жүр. Шоу-бизнес өкілі қазіргі кезде отбасы және достарымен бірге Вьетнам елінде демалып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мейрамбек Бесбаев демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram-дағы парақшасына видео жариялау арқылы көрсетті.

Жұлдызды отбасы бұл сапарға отбасылық достарымен бірге барған. Желіде әнші ұлымен түскен видео жариялады. Онда әкесі мен баласының Оңтүстік Қытай теңізінде гидроциклмен келе жатқанын көруге болады. Сонымен қатар әншінің әйелі Мархабат Бесбаева қызығушылық танытқан оқырмандарына таңдаған қонақ үйлерін көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары