12.07.2024, 18:00

«Менің фокусым – балаларда»: Жұлдыз Әбдікәрімова қамаудағы Қайрат Нұртасқа қатысты пікір білдірді

Фото: @zhuldyzabdukarimovaofficial

"Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр". 

15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

“Бұдан артық үндемеуге болмады. Ешқашан жеке мәселені парақшамда талқылаған емес едім. Сіздердің жазғандарыңызды балалар оқып жатыр. Бұл оқиғада менің фокусым – балаларда. Қыздар жасөспірім шақта. Ұлдар – намысшыл. Ата-анасы өнер адамы болғаны үшін неге олар қиындық көруі керек?! Заң алдында барлық азамат бірдей. Ол азаматтығын көрсетті. Қателескенін ескеріп, жауап беруге дайын екенін дәлелдеді. Балаларға түсіндіруге тырыстық. Енді сіздер де доғарыңыздар! Балаларға ауыр тиіп жатыр”, – деді актриса.