$ 480.55  533.75  5.36

Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында бірінші орын алды

Байқау аяқталғаннан кейін Жұбан Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды.

Фото: @yernazar.music
Фото: @yernazar.music

Беларусте «Витебск-2024» эстрадалық ән орындаушылар байқауы аяқталды. Ондағы Бас жүлдені молдовалық әнші Каролина Балан, ал бірінші орынды қазақстандық Ерназар Жұбан жеңіп алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Белта" басылымының жарияланымында атап өтілгендей, Жұбан "Подберу музыку" композициясын орындап, көрермендер мен қазылар алқасын өз өнерімен баурап алды. Оған мүмкін 70 ұпайдың 69-ы берілді.

"Мен алтыншы жыл қатысудамын және бұл соңғы жыл. Қатарынан алты жыл бағымды сынадым. Менің ойымша, биыл менің жылым-құпиясы осында", - дейді Ерназар Жұбан.

Нәтижесінде екі номинация бойынша үздік ұпайды екі қатысушы – Ерназар Жұбан мен молдавалық Каролина Балан жинады – 133 баллдан (69 + 64 және 67 + 66).

Гран-При мен "Лира" арнайы сыйлығының және 20 мың доллар ақшалай сыйлықтың иегері Каролина Балан атанды.

Бірінші орын (15 мың доллар ақшалай сыйлықпен) және "Лира" арнайы жүлдесі Ерназар Жұбанға берілді.

Байқау аяқталғаннан кейін Жұбан Instagram парақшасында әсерлі жазба қалдырды.

Ол бірінші орынды өз еліне арнағанын айтты.

Осымен барлығы осылай аяқталды! Еліміздің атын шет елде қорғаған қандай керемет сезім! Еңбек ақталды деп ойлаймын!! Осы 1 - орынымды еліме арнағым келеді! Әке шешем бауырларыма алғыс айтамын!! Барлық жанкүйерлерге рахметтен артық айтарым жоқ, достарым жанымда болмасаңдарда қолдауларыңды сездім!!! Ұйықтамай күткен жандарға көп рахмеет! Жанымда болып қолдау көрсетіп менімен уайымдаған менің продюсерім, жанашырым @baigali_astudio барлығы үшін алғыс айтқым келеді!!! Қарлығаш апай @karlaabdikarimova сізге алғысым шексіз!! @gannur Алғысым шексіз! Қазақстаннан келген делегацияға көөп рахмеет @assel_kerim. Менің сахналық образымның авторы әрине @adilyabotabayeva @yanglain.brand шексіз рахмет. Қазақстан алға!
“Армандардан ешқашанда үміт үзбейік!”, - деп жазба қалдырды жеңімпаз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары