$ 479.38  531.63  5.27

Аты аңызға айналған Modern Talking тобы Шымкентке келді (ВИДЕО)

Modern Talking - 1983 жылы құрылған аты аңызға айналған неміс тобы.

Фото: maenner.media
Фото: maenner.media

Бүгін, 15 шілдеде Шымкентке аты аңызға айналған Modern Talking тобы ұшып келді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы қалалық әуежайдың баспасөз қызметі әуе айлағындағы кадрлармен бөлісе отырып, мәлімдеді.

"Бүгін таңертең әуежайымызда Томас Андерс пен оның Modern Talking тобын қуана қарсы алдық! Олар бүгін кешке Шымкентке үлкен концерт беруге келді!", - делінген хабарламада. 

Modern Talking - 1983 жылы құрылған аты аңызға айналған неміс тобы. Олардың «You’re My Heart, You’re My Soul», «Cheri, Cheri Lady» и «Brother Louie» сияқты хиттері әлем бойынша миллиондаған адамдардың жүрегін жаулап, поп классикасына айналды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары