Бір жолы кәдімгідей есіме түспей қалды.
Желіде «әннің сөзін ұмытып қалсаң, не істейсің» деген сұраққа әлемге танымал әнші Димаштың әзіл араласқан жауабы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Димаш Құдайберген осы сұраққа басынан өткен бір оқиғаны жауап ретінде мысалға келтірді.
Оқиға өзінің әлемге танылуына себеп болған Қытайдағы әншілер сайысында орын алған сыңайлы.
Бір концертте сол ұмытып қалған кезім болды. Бір жолы есіме түспей қалды кәдімгідей. Содан кейін шамамен есіме түскенше, ұқсатып айтып шықтым сол жолды. Сол залда отырған және де теледидардан көріп отырған қытайлар ойлады ғой қазақша орындап жатыр деп. Ал қазақтар қытайша айтып жатыр деп ойлады, - дейді әлемдік өнер сахнасының жарқын жұлдызы.
Бейненің астына:
Мегажұлдыз Димаш Құдайберген Қытай еліндегі жарыста әннің сөзін ұмытып қалып, ойдан құрастырып жіберген. Сол жерде отырған қазақтар қытайша, қытайлықтар қазақша деп ойлап қалған екен.
Бұл да бір тапқырлық, иә? Жарқырай бер, қазақтың маңдайына біткен біртуар жұлдызы! – деп жазылған видеоның астарында.