17.07.2024, 11:20

«Бүкіл залды мен үшін жалдады»: Дина Төлепбергенге күйеуі тосынсый жасады (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/dina_tolepbergen

Сондықтан да бүгін осы кинотеатрда бір ғана көрермен және үлкен экран. Романтика!

Белгілі тележүргізуші Дина Төлепбергенге күйеуі тосынсый жасап, таңғалдырған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің сөзінше, өмірлік жолдасы ол үшін кинотеатрдағы бір залды толығымен жалдаған,

«Достар, барлықтарыңызға сәлем! Менің жаңадан пайда болған бір күшті әдетім бар. Ол –  түскі үзіліс кезінде кинотеатрға келу. Осы аптада мен екі фильм көрмекшімін. Оның біріншісі – қазақ рэпі жөніндегі Shulamah деп аталатын отандық кино, екіншісі – NASA-ның маркетингі туралы тарихи туынды. Күйеуім маған сюрприз жасапты бүгін шынын айтқанда бүкіл залды мен үшін жалдапты. Сондықтан да бүгін осы кинотеатрда бір ғана көрермен және үлкен экран. Романтика!», –  деді  Дина Төлепберген.