Соңғы кезде жиі бірге шығып жүрген екі өнер адамына қатысты қауесет сөз көбейген еді.
Әйгерім Қалаубаева өнердегі әріптесі Нұрлан Әлімжан екеуі жайында айтылып жүрген алып-қашпа әңгіменің нүткесін қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Соңғы кезде жиі бірге шығып жүрген екі өнер адамына қатысты қауесет сөз көбейген еді. Әнші Әйгерім Қалаубаева осыған орай жазба жариялап, Нұрлан Әлімжанмен қарым-қатынасы жайлы айтты.
РАС ЕМЕС!!!
Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. ЖҰМЫСЫМЫЗҒА үлкен жауапкершілікпен қараймыз! Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ,шүкір!
Бізді байланыстыратын – ӨНЕР! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты!
О,ЖАРАТҚАН ИЕМ! Елім, Ата-Анам, Ер Азаматым, Балаларым, Бауырларым ЖӘНЕ менің қымбатты инста әлемімдегі Достарым бағыма аман болсын!!!Әмииин!!!
P.S. Өмірдегі ДОСЫМ,өнердегі ӘРІПТЕСІМ Нұрлан екеуміздің бірігіп жасаған жұмысымыздың, ЯҒНИ, “Рас па?” атты бейнебаянымыздың кадрдан тыс сәттерінен үзінді видеоларды тамашалаңыздар! – деп жазды ол.