21.07.2024, 22:30

Димаш Құдайбергеннің Астанадағы концертіне билетті қайдан алуға болады? (ВИДЕО)

Фото: Dimash Qudaibergen

Жеке кешіне шақырған әнші тыңдармандарына сағынышын жеткізді.

Димаш Құдайберген Астанада өтетін жеке концертіне билеттерді қайдан алуға болатынын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қыркүйектің 13-де елордадағы «Астана Арена» стадионында өтетін «Stranger» атты концертке билеттер ертең, яғни 22 шілдеден бастап сатылымға шығады. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.

Құрметті достар!

Шоу 13 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді.

Билеттерді Ticketon.kz сайты арқылы ала аласыздар.

Билеттерді сатып алу: 22 шілде Астана уақытымен 14:00-де басталады, - делінген жазбада.

Сондай-ақ видеода жеке концертіне шақырған Димаш Құдайберген тыңдармандарына сағынышын жеткізді.

Құрметті достар, ел-аман, жұрт тынышта өздеріңізбен тезірек қауышуды жазсын. Баршаңызды жақсы көремін, бәріңізді сағындым!, - деді әнші бейнежазбада.