24.07.2024, 13:40

«Оның құшағы кең, жүрегі жылы»: Балжан Бидаш желіде әсерлі видео жариялады

Фото: @bidash_official

Онда өнер иесінің экс-продюсерін құшақтап, оған еркелеп отырғанын көруге болады.

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Балжан Бидаш желіде әсерлі видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Видеодан әнші өзінің бұрынғы продюсері Баян Мақсатықызымен кездескенін көрсеткен.

Осылайша кездесуден ерекше видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда өнер иесінің экс-продюсерін құшақтап, оған еркелеп отырғанын көруге болады.

"Оның құшағы кең, жүрегі жылы. Кезінде айтқан әңгімелерін есейіп, енді түсініп жатқанымды айтып, бір күліп алдық", - деп жазды Балжан Бидаш.