Эстрада жұлдызы бұл жолы бейнебаянның ерекше болатынын айтып, тыңдармандарын елеңдетіп қойды.
Отандық эстрада жұлдызы Жігер Ауыпбаев жаңа әніне бейнебаян түсіріп жатқанда бұлттардың арасынан "Алла" деген жазуды оқығанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Бұл бейнебаян бұрынғыдан ерекше болайын деп тұр.
Жаңа бейнебаян түсірілімі кезде осындай керемет құбылыс болды.
Ешкімге үндемей бірер минуттай қарап тұрып шыдай алмай видеоға түсіріп алдым.
Бұл құбылыстың өзі маған ерекше рух берді. Жұмыс барысында осындай құбылыс орын алған болса Бейнебаян қандай болғанын ойлай беріңіздер енді.
Бұл сәл бұлттың тарқаған кезі ғой. 1-2 минут алдын бұдан да анық жазылып тұрған еді", - деп жазды әнші.