Әннің бағын әнші ашты. 160 миллион қаралым жинап тұр.
Композитор Диана Исмаил Ерке Есмахан орындап жүрген әйгілі «Қайда?» әнінің қалай танымал болып кеткенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ән авторының айтуынша, ол мұны жасөспірім шақта жазған. Ал Ерке Есмахан әнді студияда естіп қалып, бірден композитор қыздан сатып алғысы келген.
«Студияға жарыққа шықпаған бірнеше ескі әнімді апарғанда әнші Ерке Есмахан да сол студияға келіп менің әнімді естіп қалыпты. Кейін маған хабарласты. «Ерке деген әпкең боламын, сен әніңді шығарайын деп жатырсың ба?» деп сұрады, сатып алғысы келетінін айтты. Ол әнді мен 15 жасымда жазған едім. Әннің бағын әнші ашты. 160 миллион қаралым жинап тұр. Сол әнді 300 мыңға бағаласам, қымбат болар деп, 250 мыңға Ерке сатып алды. Маған сол кезде бұл үлкен ақша боп көрінді. Ол кезде қатарластарым даяшы боп жұмыс істейді. Мен әлгі жерде 250 мың теңгені алған соң «бұл ақшаға не істеуге болады?» деп көп ойландым. Америкаға барсам ба екен, кеме жалдасам ба екен, ақша жинап, көлік алсам ба екен деп ойладым», – деді Диана Исмаил Динара Сәтжанға берген сұхбатында.