30.07.2024, 16:40

«Салығы төленген бе?»: Желі қолданушылары Ерке Есмаханның 12 миллион теңге тұратын сөмкесіне шүйлікті

Фото: instagram.com/erke_esmahan

Кірістер комитеті қайда қарап отыр?

Танымал әнші Ерке Есмахан құны 12 миллион теңге тұратын сөмкесін Парижге ұстап барғанын айтып, Олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі әйгілі мұнараның алдында түскен суретін жариялап, спортшыларымызға жылы лебізін білдірді.

“Францияның әсері әлі тарқамады. Дәл қазір Париж Олимпиадада біздің спортшылар еліміздің атын шығарып жатыр. Алғашқы алтынымыз бар. Сәттілік тілеймін! Париж биігінде Қазақстан туы желбірей берсін!”, – деп жазды әнші. 

Осы ісімен өнер иесі Эйфель мұнарасы жанынан түрлі фото жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды. Алайда желі қолданушылары әншінің өзі бағасын жасырмаған қымбат сөмкесін талқылады. 

“Сөмкенің өзі Париж болып тұр”, “Әншілердің ішіндегі ең көп сөмкесі бар әнші”, “Мына сөмкесінің құны 12 миллион теңге еді. Салық төленген бе екен?”, “Дұрыс айтасыз, кірістер комитеті қайда қарап отыр?”, “Негізі, қарапайым адамдардың қаржы аудармаларын қарайды. Мына сөмкесі оригинал болса, оның ақшасы мен салығының төленгенін немесе төленбегенін анықтау керек”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.