$ 478.93  534.96  5.16

«Бірден беташар жасаймын»: Тележүргізуші боксшыларымыз алтын алса үйленетінін айтты

Руслан Есмағамбетов өз сөзінде қазақстандық боксшыларға үміт артып отырғанын алға тартты.

Фото: instagram.com/ ruslan_utepbai
Фото: instagram.com/ ruslan_utepbai

Отандық тележүргізуші, журналист Руслан Есмағамбетов Париждегі жазғы Олимпиада ойындарында бокстан бақ сынап жатқан жігіттерге үндеуге жасады. Ол былғары қолғап шеберлерінің бірі алтын алған жағдайда шаңырақ көтеретінін хабарлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Руслан Есмағамбетов өз сөзінде қазақстандық боксшыларға үміт артып отырғанын алға тартты.

Парижде бокстан төрт жігіттің біреуі алтын алса, биылдан қалмай үйленемін, сөз беремін. Төртеуі түгел алтын алса, ертең-ақ беташар жасаймын. Үмітті ақтаңыздар, жігіттер!, - деді ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары