$ 494.87  520.65  4.91

«Енем жаман деме»: Ырысбала Икрамбай келіндерге үндеу тастады

Терсең жамандық көп қой.

Фото: www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official
Фото: www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official

Қайырымдылықпен айналысып, халықтың алғысына бөленіп жүрген блогер Ырысбала Икрамбай келіндерге үндеу жастап, енелерді жамандамауды өтінді. Тіпті енесін мақтаған келіншекке 50 мың теңше ақшалай сыйлық беретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Ана құрсағынан бала мына өмірге келгенде, қоршаған ортаға үйрену үшін қырық күн қайнаған суға шомылдырып, тамақтандыратын анасы диета ұстап, тіпті киімдерін жеке жуып үтіктеп кигізіп өбектейміз. Жалпы кез келген қыз тұрмысқа шыққанда өзі білмейтін ортаға барып, екінші рет жаңа өмір бастайды. Сол уақытта қолдау мен түрлі қиындық қыз ғұмырымен қош айтысқан келінді жас шыбықты ыңғайға қарай майыстырады. Тиктокта «енеңнен естіген ең ауыр сөзің» деген тренд бар екен. Жалпы, терсең жамандық көп қой. Сол трендті жақсы жаққа қарай өзгертейікші: енеңнің әйтеуір бір рет болсын саған айтқан жақсы сөзі бар шығар немесе енеңізбен қызықты оқиғаңызды жазыңыз. «Енем жаман деме. Енемнен естіген жақсы сөзім: осының бәрі сенің арқаң» дегені бар айналайындар. Осыны естіп 1 апта ұйықтай алмай қалғаным бар. Кімнің оқиғасы ең қызық, ең көп лайк жинайды 50 мың теңге жіберемін», – деп жазды блогер.

Желі қолданушылары блогердің үндеуін естіп, енелерін  мақтай жөнелді. Бір оқырман оның үндеуіне ерекше пікір жазып, жеңімпаз атанды.

«Өз анам инсульт алып жалғыз қараусыз қалғанда менің екі жақта қиналғанымды көріп: «Далаға тастайсың ба, үйге әкеліп бақ, ауруды ешкім сұрап алмайды» деп айтқанда нағыз аналық сезім ешқашан бос болмайтынын түсінгенмін. Шүкір қазір 13 жыл болды анам да, енем де қасымда», – деп жазған оқырманына блогер уәде еткен 50 мың теңге сыйлығын жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары