Халық әртісі жолдасының өлімінің құпиясын әлі күнге дейін ашылмағаны жүрекке тиетінін жасырмады.
ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовті есіне алды. Өнер иесі халыққа шындықты айтатын күнді көріп кетуді армандайтынын жазған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі “Өткен күндер” әніне видеоролик жасап, марқұмның жүріп өткен жолынан сыр шертті.
“Қаншалықты ірі тұлғалы болған сайын жүрек жарасы да терең түсіп, жазылуы қиын. Жүректі әнші болған соң ба, сағынышқа толы әуендері жаныңды ауыртады, жарамыздың бетін тырнайды. Шындық ашылып, жүк жеңілдейтін күн де туар”, – деп жазды тыңдарманы.
Халық әртісі де жолдасының өлімінің құпиясын әлі күнге дейін ашылмағаны жүрекке тиетінін жасырмады.
“Сол хайуандардың атын айтып, халыққа шындығын ашатын күнді көріп кетсем екен. Өткен күн оралмайды”, – деп жазды әнші.