$ 478.93  534.96  5.16

Айжан Байзақованың інісі ұсталды: Алматы полициясы пікір білдірді

Атыс қаруы мен бір граната тәркіленген.

Фото: instagram.com/baizaakov
Фото: instagram.com/baizaakov

Алматыда блогер Айжан Байзақованың інісі Әлихан Байзақовтың аса ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікке ілінген бір топ адаммен ұсталғаны туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған ақпаратта ұйымдасқан қылмыстық топтан көп мөлшерде атыс қаруы мен бір граната тәркіленгені туралы да айтылады.

Алматы полициясы бұған қатысты түсінік берді.

«Алматы полиция департаменті аталған азаматтың полицияға куә ретінде жеткізілгенін хабарлайды. Тергеуден кейін ол босатылды», — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары