$ 494.87  520.65  4.91

«Басымды иемін»: Бибігүл Төлегенова қолындағы білезігін Мақпал Жүнісоваға сыйлады (ВИДЕО)

Ел аналары деп осындай кісілерді айту керек.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова қолындағы алтын білезігін шешіп, Мақпал Жүнісоваға сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйгілі әнші отырыстардың бірінде Мақпал Жүнісоваға қолындағы білезігін шешіп берген.

«Менің жасымды берсін! Сен тағып жүр. Саған келеді», – деп айтты Бибігүл Төлегенова.

Халық әртісінен мұндай ерекше сыйлық күтпеген Мақпал Жүсінова өнердегі апасына алғысын білдірді.

«Міне, көрдіңіздер ғой, қолындағы алтын бриллиант білезігін маған тақты. Ел аналары деп осындай кісілерді айту керек. Көп рақмет, сізге! Басымды иемін», – деді Мақпал Жүсінова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары