$ 494.87  520.65  4.91

«Тойдағы еркектер тиісетін»: Белгілі әнші ерте тұрмыс құру себебін айтты

Солардан аулақ жүру әрі құтылу үшін өзімнің адамымды іздей бастадым.

Фото: “Мамский әңгіме” подкасты
Фото: “Мамский әңгіме” подкасты

Танымал әнші Индира Елемес күйеуінің көзіне шөп салғанын мойындады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі “Мамский әңгіме” подкастында алғаш рет жеке өмірі туралы сыр шертті. 

“Мен жолдасыммен танысқанда оның бірінші отбасы бар екенін білдім. Біле тұра, тұрмысқа шықтым. Ол кезде жаспын. Тойға көп шығамын. Тойдағы еркектер тиіседі. Кездесуге шақырады. Солардан аулақ жүру әрі құтылу үшін өзімнің адамымды іздей бастадым. Солай күйеуім жолықты. Әпкем ғана қарсы болды. Үлкен азаматқа тұрмысқа шығып жатқаныма ренжіді. Анам батасын берді. Үйлену тойы өтіп, қалыңдық көйлегін кимедім. Көп қыздың арманы ғой. Ол сәт те мен үшін арман болып қалды. Күйеуімді жамандағым келмейді. Оның жақсы қасиеті көп. Менің өнерімді қолдап, шетелдік жұлдыздарымен дуэт айтуыма тікелей себепкер болған адам. Бірақ кейде адам төзгісіз іс-әрекеті мені қатты таңғалдырады. Бас қосқаннан кейін, “Бір ғана шартым бар, менің көзіме шөп салмайсың, ренжітпейсің. Қалған тірліктің бәрін кешіремін” дедім. Бірақ ол сөзінде тұрмады. Ажырасуымның себебі – менің сезімімді айырбастап кетті. Осы күнге дейін тек соның қас-қабағына қарап, сыйлап келіп едім”, – деп бастады әңгімесін әнші.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 7
Күлкілі 0
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары