$ 498.34  519.72  4.85

«Кешірім сұратуды қою керек»: Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен спортшылар туралы ойын айтты

Бұл - популизм.

Фото: Instagram/dana_nurzhigit
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Дана Нұржігіт Олимпиадаға кеткен спортшылар мен бапкерлерге қатысты ойын айтты. Медиа маман жарыс жолында жеңіліп қалғаны үшін кешірім сұрауына түбегейлі қарсы екенін жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дана Нұржігіт Instagram-дағы парақшасында спортшылар мен бапкерлерге кешірім сұратуды қою керек деп үндеу жасады.

"Сыртта жүріп, қолдан келгенше еңбек еткен азаматтардың үлкен басын кішірейтіп, кешірім сұратуды қою керек. Бұл - популизм. Елге оралғанда кеткен қатені іскерлік ортада сауатты талқылау деген болады. Мынау өз азаматтарымызды тұқырту, жігерін құм қылу! Мұндайға қарсымын", - деп жазды журналист. 

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Олимпиададағы бокс нәтижесі үшін халықтан кешірім сұраған болатын.

Дана Нұржігіттің Stories-i

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 35
Ұнамайды 6
Күлкілі 7
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары