12.08.2024, 12:20

«Үш рет тұрмысқа шықтым»: Бибігүл Төлегенова жеке өмірінен сыр шертті

Фото: triptonkosti.ru

Әнші махабаттан жолы болмаса да, өнерінің арқасында бақытты екенін жеткізді. 

КСРО халық әртісі, опера әншісі Бибігүл Төлегенова жеке өмірінен сыр шертіп, сәтсіз неке құрғанын жасырмады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аңыз адам журналист Динара Сәтжанға сұхбат беріп, үш рет тұрмыс құрғанын айтты. 

"Әркімнің өз бақыты бар. Біреу жолдасымен бақытты болса, енді бірі өнерімен бақытты. Мен мысалы өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол себепті маған ешбір ер азамат "мен сені көтердім, танымал еттім" деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген де жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді. Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім", - деп ағынан жарылды Бибігүл Төлегенова.