$ 494.87  520.65  4.91

«Күйеуім 19 жас үлкен»: Индира Елемес өзін «тоқал» деп сынағандарға жауап берді

Өнер иесі күйеуінің екінші әйелі болып тұрмысқа шыққанын айтқан еді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі әнші Индира Елемес жеке өмірін жайлы айтқан сұхбатынан кейін сынға қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі күйеуінің екінші әйелі болып тұрмысқа шыққанын айтқан еді. Жас айырмашылығы – 19 жас. Көпшілік әншіні “Тоқал болды” деп сынап жатыр. Алайда әнші өз шындығын айтты. 

“Қайдағы ашына, тоқал? Мен оның жалғыз заңды әйелімін. Бірінші әйелімен заңды некеде болмаған. Бұрында ажырасып кеткен. Сол отбасымен және бізбен екі жақта жүретін", – деп жазды әнші. 

Одан кейін дәл қазір отбасына қатысты ештеңе айта алмайтынын жеткізді. 

“Ішімде не болып жатыр? Тек бір Алла біледі. Алдымызда не болады, оны да бір Алла біледі. Өсек сөздерге керең болайықшы", – деп жазды Индира Елемес. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары