Жабық киінген әншіні көрген халық дұрыс түсінбей қалған.
Танымал әнші Тамара Асар отбасылық демалыста жүрген фотоларын әлеуметтік желіге жариялап, сынның астында қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әнші инстаграм желісіндегі сториз бөлімінде жабық киінген суреттерін жүктеді. Жабық киінген әншіні көрген халық дұрыс түсінбей қалған.
Оқырмандарының басым бөлігі «МаШаАлла, құтты болсын» деп құттықтау тілектер жолдаса, кейбірі сынап, әншінің әрекеті дұрыс еместігін айтты.
—Неге пляжда оранып жүрсіз, хиджап киіп кеткенсіз бе?», деп сұрақтың астына алған.
Әнші оқырмандарына түсінікті болу үшін: «Күннен қорғанып жүрмін. Менің денсаулығым үшін, күннен қатты қорғану керек екен. Сол үшін осындай купальниктер алғанмын. Қаншама адам жазыпты. Біреулер құттықтапты. «МаШаАлла» деп...», деді өнер иесі.