$ 494.87  520.65  4.91

«Батамды бердім»: Абай Бегейдің 9-сыныпты бітірген оқушы қызын алып қашып кетті (ВИДЕО)

Өнер иесінің қызы өзінің туған жері Ақтау өңіріне келін болып түсті.  

instagram.com/symbatabaikyzy
instagram.com/symbatabaikyzy

Танымал әнші Абай Бегей екінші қызын алып қашып кеткендерге батасын беріп, құда атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің қызы өзінің туған жері Ақтау өңіріне келін болып түсті. Жақсы жаңалықты желіге әншінің жұбайы жариялады. 

“Неше күннен бері сіздерге айтуға енді уақыты келген сияқты… Отбасымызда тіптен ойламаған жағдай орын алып, барлығымыз абдырап қалдық. Ақтауға отбасымызбен демалып келеміз деп, ұшуға бір-ақ күн қалғанда, "үйдің ортаншы қызы Сымбатты алып қашып кетті" деген хабар жетті… Барлығымыз Алматыдамыз, Ақтаудан нағашы апаларын жіберіп, қызды бірден алып кеттік.

Не үшін? Бұл жерде ешқандай менсінбеушілік немесе қарсылық танытқанымыз емес, әкесінің талабын орындау болды. Әкесі: "Қандай ел екенін, ата-анасын, жігіттің өзін көрмей ешқандай қызымды бермеймін" деді. Сол күні бірден Ақтаудан Алматыға жігіттің ата-анасы, ауыл үлкені келіп әкесінің алдынан өтіп, уәделерін беріп, рұқсатын сұрады. Әкесі де өз ауылымыздың үлкендерімен, жан-жағымен ақылдаса келе, екі күн ойланып, "Келген ел көргенді, жөні түзу, сөздері дұрыс адамдар екен. Қызымның таңдауын құрметтеймін" деп батасын берді”, – деп жазды Фариза Жұманова. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әлі жас қой десе, бірі екі жасқа бақыт тілеп жатыр. 

“Жастар бақытты болсын!”, “Сымбат биыл ғана 9-сыныпты бітірді ғой, ерте емес пе?!”, “Бағы бес елі келін болсын!”, “Тұрмыс құруға ерте емес пе?”, “Жігіт көнбеген сияқты” деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 14
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары