Мен еліме алтын медаль әкелемін.
Қазақстандық блогер-трансгендер Амилай Баймұратова боксқа оралып, 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына қатысқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Трансгендер саналатын блогер ұл бала болып жүрген балалық шағында бокспен айналысқаны белгілі болды. Қазір осы спорт түріне қайта оралып, әйелдер құрамасында өнер көрсеткісі келетінін айтты.
«Мен еліме алтын медаль әкелемін. Елім мені алтынмен аптайтын болады», - дейді Амилай Баймұратова.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында алжирлік боксшы Иман Хелиф трансгендер деп әлем жұртшылығы тарапынан сынға ұшыраған.