18.08.2024, 06:30

«Тұрмысымыздың төмендегінен үйімді көрсетуге ұялатынмын»: Дина Төлепберген бала кезде тұрған үйін көрсетті (ВИДЕО)

Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Нағыз дос, нағыз жанашыр жоқшылыққа да, тоқшылыққа да қарамайды. 

Тележүргізуші  Дина Төлепберген 20 жыл бұрын тұрған үйін көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kzақпарат порталы.

“20 жылдан соң оралу. Шымкент, 1 бөлмелі суық пәтер. Кішкентай кезімде достарыма пәтерімді, үйімді көрсетуге қынжылатынмын. Себебі тұрмыстың төмендігін көріп, араласатындар алшақтайды деген қорқыныш болған еді. Мектеп кезімде осы үйіме жақын құрбым келді. Ол не айтады, үй-жағдайымды көріп қашқақтай ма, деген ой болды. Бірақ, жоқ. Келесі күні оның маған қарым-қатынасы баяғы қалыпты күйде қалды. Мен сол кезде нағыз құрбы, нағыз жанымды түсінетін дос екенін ұғындым. Әзір де екеуміз сыр сақтамас құрбымыз. Сізге де құлаққағыс қалтаңызға, киіміңізге, үйіңізге қарап араласатын адамдар болса алшақтаңыз. Нағыз дос, нағыз жанашыр жоқшылыққа да, тоқшылыққа да қарамайды. Мінекей, араға 20 жыл салып, бұрын тұрған ыстық пәтерге келдім. Ешкім жоқ. Есесіне көріспеген көршілеріммен қауыштым", - деп жазды ол.