$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл тойға бір жыл бойы дайындалдық»: Абай Бегейдің су жаңа құдағиы халыққа үндеу жасады (ВИДЕО)

Жас келіннің су жаңа енесі дауды тоқтатуды сұрады.

коллаж sn.kz
коллаж sn.kz

16 жастағы қызы тұрмысқа шыққан танымал әнші Абай Бегейдің қызы ел аузында әлі қызу талқыланып жатыр. Жас келіннің су жаңа енесі халыққа үндеу жасап, дауды тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Біздің келініміз – болашақ тіс дәрігері. Сол мамандыққа түсті. 1 қыркүйектен бастап, оқуына балам екеуі кетеді. Мен оларды ұстамаймын. Алматы қаласында тұрады. Оқуларына ештеңе кедергі болмайды. Халық “Сымбатты әлі жас, келін болуға дайын емес” деп жатыр. Мен өзім бәрін басынан бастап үйретемін. Өзім де тіс дәрігері болғандықтан, сабағына да көмектесемін. Алматыға өзім де еріп барамын. Сіздер ол үшін қиналмаңыздар! Келінімді қызымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Бұл тойды бір жылдан бері күттік. Қатты дайындалдық. Артық сөз, өсек-әңгіме керек емес”, – деп жазды ене.

Айта кетейік, қызды алып қашып кеткеннен кейін, әкесі рұқсат бермеген соң сырға салып алып кеткен еді. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 17
Ұнамайды 6
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары